Атырауда ауаға таралатын зиянды қалдықтар жүздеген тоннаға дейін қысқарады

  • 57
  • 29.07.2025, 18:43

Сенат депутаты Сағындық Лұқпановпен кездескен мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері жаңа жобаларын таныстырды. Атап айтқанда, 2028 жылға дейін мұнай буын жою блогын іске қосып, ластаушы заттар көлемін 131 тоннаға дейін азайтпақ. «Сондай-ақ 572 тонна ластаушы газды қайта өңдеп, пайдалануға мүмкіндік туады»,– дейді мамандар. Ал 2025-2026 жылдары жоба бойынша зауыт аумағындағы резервуарлар толық герметизацияланып, көмірсутектің ауаға таралуы 90% дейін қысқарады. Жиында Жайық өзенінен алынатын су көлемін азайту жолдары да талқыланды.

Сағындық Лұқпанов ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Екі мәселені қарадық. Бірінші – Жайықтан су алу мәселесі. Оны қандай мөлшерде алынып жатыр, қалай азайтуға болады? Екінші мәселе мына қалдықтардың шығуы. Сол мәселе бойынша үлкен талқылау болды. Шешетін мәселелер бар. Олар қазір өздері бағдарламалар дайындап жатыр. Техникалық тапсырмаларын дайындайды. Сол мәселе бойынша қазір проект жасап жатыр.