«Таза Қазақстанның» мақсаты – қалдықсыз Қазақстанды құру

  • 89
  • 30.07.2025, 18:31

Таза Қазақстан – бұл көше сыпырып, саябақ тазалап, ағаш отырғызумен ғана шектелетін шара емес. Ауқымды бастаманың аясында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, игілікке жарату, қалдықсыз Қазақстанды құру. Атап айтқанда, пластик бұйымдар саябақтағы сәкілер, құдық қақпасы немесе тұрғын жайларға қажетті қасбет, шатыр жабындары болып, қайта игілікке жарауда. Яғни қала көшелерінен жиналған пластик қалдықтарды қайта өңдеу негізінде сәулет өндірісіне полимерлі-құмды композиттен өнімдер дайындалады. Ыстық пен суыққа төзімді, сынбайтын берік бұйымдар әзірге тапсырыспен жасалып жатыр. Келешекте субсидия бөлінсе, өндіріс желісін көбейтуге мүмкіндік бар. Ал ол өнімнің өзіндік құны мен бағасын едәуір төмедетпек. Кәсіпорынның жұмысына қан жүгірген сайын, халыққа қажетті қолжетімді өнім көбейеді, қоршаған орта пластиктен арыла түседі. Таза Қазақстанның мәні де осында.

Нұрбақыт Елеусізов, кәсіпорын бригадирі:  

-Бізде бұның технологиясы 30% пластик болады. 70 құм болады. Оларды біз дробилкадан өткізіп ұнтақтаймыз. Одан кейін барып пешке саламыз. Пеште ол 250-300 градусқа дейін пісіп, кәдімгідей раствор болып шығады. Одан кейін краска қосамыз. Пегмен, орех болып шығады цветі. Оны қалыпқа саламыз.