Ақтөбеде жастарға экологиялық шеберлік сағаты өтті

  • 58
  • 01.08.2025, 18:58

«Жасыл ел» сарбаздары көшет егіп, оларды баптап өсіруді үйренді. Ақтөбедегі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің тәлімбағында жастарға арналған шеберлік сағаты өтті. Тәжірибелі орманшылар ағаштар мен бұталарды дұрыс кесу, суару, зиянкестермен күресу әдістерін үйретті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегінде жасыл белдеулерді көбейту. 

Шәке Бұханов, облыстық Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің инженері:

-Өсімдіктердің өзінің стандартқа белгіленген жылдары бар. Мына ағаштарды дайындап жатқан себебіміз мына отырғызылған біржылдық ағаштар. Мұның тамырларына күтім жасау, оны баптау, сол ағаштарды бұйырса күзде өзіміздің белгіленген жоспарға сәйкес отырғызамыз.