«AMANAT» партиясының бастамасымен Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Тазалық жұмыстарына партия мүшелері мен мәслихат депутаттарынан, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері және ауыл тұрғындарынан құралған 150-дей адам қатысты. 10 арнайы техника жұмылдырылды. 4 гектар аумақ күл-қоқыстан тазартылып, 3 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы полигонға жеткізілді. Жаяу жүргіншілер жолы ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері Іле ауданы бойынша 20 мыңнан астам тұрғын сенбіліктерге қатысып, 1 200 тонна күл-қоқыс шығарылған. 5 543 түп ағаш көшеті егілді және саябақтар мен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылды.
Алмасбек Сәтібаев, «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы:
- Енді бұл акция әр апта сайын бізде өтіп отырады. Өйткені ауданымыз үлкен. Тек қана Ащыбұлақ ауылдық округінде емес, ауданда он округ болатын болса, сол он округтің бәрінде қамтылып отыратын болады. Жер өзіміздікі, ел өзіміздікі, тазалық әрбір отбасынан басталса, бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға, бала-шағамызға, үлгі болады деген ойдамын.