ШҚО-да тасқынның алдын алу жұмыстары басталды

  • 81
  • 31.07.2025, 18:49

Қазір Глубокое ауданындағы Глубочанка өзенінің арнасы кеңейтіліп, тазартылып жатыр. Өйткені осыдан 7 жыл бұрын Глубочанка арнасынан асып, Прогресс ауылындағы 50 шақты үйді су басып қалған еді. Ондаған техника көмегімен асау өзеннің кейбір тұсы тереңдетілді. Жалпы келер көктемдегі тасқын қаупін сейілту мақсатында жаз бойы 26 іс-шара ұйымдастырылмақ.

Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары: 

- Қазіргі таңда мына тереңдету жағасын кеңейту, арнасын өзгерту жұмыстары жүргізілді. Ол енді мынау алдағы 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықтың алдын алу жұмыстары болып жатыр. Сондықтан мынадай жұмыстар енді облыста қаражат бөлінгеніне қарай бәрі жалғасады.