Маңғыстаулық спортшылар Ақтау қаласының жағажайында сенбілік өткізді

  • 10
  • 04.08.2025, 19:37

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өңірдегі 40-қа тарта спорт мекемесінен 450 спортшы атсалысты. Олар бір күндік жаттығу уақытын табиғатты тазартуға арнады. Спортшы жастар 25 тонна қоқысты жинап, арнайы полигонға жеткізді. Енді өңірдің қасиетті жерлерін де қалдықтан тазартуды жоспарлап отыр. 

Қанат Мангубаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Сенбіліктерге енді жиі шығып тұрамыз. Апта сайын өзіміздің бағдарламамыз бар, алгоритіміміз бар. Енді қазіргі таңда біздің ең басты мақсат – біздегі «Голубая бухта» дейтін мәселе жиі көтеріліп жатыр. Өзіміздің спортшылармен бірігіп, сол жаққа өзімізде өсіп келе жатқан азаматтармен бірге барғымыз келеді.