Сәтбаевта Абайдың 180 жылдығына арналған тазалық шарасы өтті

  • 12
  • 07.08.2025, 18:42

Сәтбаев қаласында өткен кезекті тазалық акциясына 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, «AMANAT» партиясының қызметкерлері мен қарапайым жұмысшылар бар.

Дәстүрлі шара бұл жолы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды. «Абай» аллеясынан басталған акция қаланың өзге де демалыс орындарында жалғасты. Көктемнен бері шағын шаһардан 600 тоннадан астам қоқыс шығарылған.