Экологтардың мәліметінше, жыл сайын 70 сантиметрге дейін таязданады. Ал ғасыр соңында теңіз суы тағы да азайып, салдары экономика мен табиғат үшін ауыр болуы мүмкін.
Бұл туралы «Каспий экологиясы – сын-қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында айтылды. Экологиялық қозғалыс өкілдері «Каспийді құтқарудың 10 қадамы» атты қарар жобасын талқыға ұсынды. Бұл құжат теңіз экожүйесін сақтау мен Каспий маңы өңірінің орнықты дамуына бағытталған жол картасы болмақ. Мәселені шешу үшін тиісті министрлік те бірқатар шараны қолға алып отыр.
Дәулет Есмағамбетов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің басшысы:
- Біз мемлекет тарапынан қарқынды түрде бұл жұмыспен айналысып жатырмыз. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша тиісті ғылыми институт ашылған болатын. Бүгінгі күнге оның қаржылық жағдайы шешілген. Осы бір айда кадрлық сұрақтарының барлығы шешіліп, ол барынша іске кірісетін болады.