Астанада «Хан қорық» фестивалінің ашылу салтанаты өтті

  • 12
  • 11.08.2025, 18:43

Бұл еліміздің белсенді жастары бас қосатын алаң. Олар табиғатты және экожүйені сақтауға арналған ғылыми жобаларын ұсынады. 

Биыл еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан 50-ге жуық жас келген. 10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл фестивальді өткізу орны ретінде жыл сайын Ұлытау, Түркістан сияқты тарихи әрі көрікті орындар таңдалады. Биылғы шара Баянауыл мемлекеттік табиғи қорық аумағында жалғаспақ. Осылайша көпшілік еліміздің бай табиғатымен танысып, экосананың қалыптасуына ықпал етпек.

Айым Дүйсен, жас ғалым:

- Бұл жобада Каспий итбалығы мен микробалдырлар токсиндерінің байланысы туралы зерттеймін. Бұл жайлы мен түрлі ғылыми мақалалаларды оқыған болатынмын және осы арқылы Каспий итбалығының өлімінің себебі балдырлар екенін гипетоза арқылы анықтаған болатынбыз.