Павлодарлық жастар өзен жағалауын тазартты

  • 8
  • 14.08.2025, 18:37

Павлодардың «Жасыл ел» еңбек жасағының экологиялық жасағы Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Жаз бойы бұл жұмыстарға 500 адам атсалысты.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жер байлығы» акциясын өткізуге белсенді жастар өздері ниет білдірген. Олар халық көп жиналатын аумақтардан екі тоннадан астам тұрмыстық қалдық жинады. Жастар тек тазалықпен  шектеліп қоймай, қала тұрғындарына қоршаған ортаны қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Айта кету керек, Усолка өзенінің  жағасы ғана емес, суы да ластанып барады. Сондықтан болашақта өзен түбін тазарту да жоспарланып отыр.