Алматыда InEco Fest отбасылық фестивалі өтті

  • 11
  • 15.08.2025, 18:38

Алматының бас ботаникалық бағында InEco Fest отбасылық фестивалі өтті. Бұл табиғат аясында экология мен инклюзияны тоғыстырған бірегей іс-шара. Қала тұрғындары мен қонақтары квест ойнап, шеберлік сабақтарына қатысып, экожәрмеңкеден өздеріне пайдалы дүниесін тапты. Айта кетейік, фестиваль биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар қатары да артып келеді. Бақтың бір бұрышында мүгедектігі бар суретшілердің туындылары қойылып, келушілердің қызығушылығын оятты. Өзге алаңдарда құстарға арналған ұялар жасалып, қоқыс сұрыптаудың қарапайым тәсілдері көрсетілді. 

Баян Қоспенбетова, Ботаника және фитоинтродукция институтының маркетинг және PR директоры:

-Фестиваль 2 негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлігінде әртүрлі алаңдар жұмыс істейді. Іс-шарамыздың басты мақсаты – адамдарды табиғатқа қамқорлық жасауға шақыру. Сондай-ақ табиғаттың бір бөлігі болып табылатын адамға да қамқор болудың қаншалықты маңызды екенін жеткізу.