Соңғы 10 жыл ішінде елімізде онкологиялық аурулардың көрсеткіші үш есеге артқан. Бүгінде 350 мыңға жуық адам жаман аурумен есепте тұр. Кәсіпорындардан бөлінетін зиянды заттар мен қалдықтарды көму мұның негізгі себебі болып отыр. Осылай деп дабыл қаққан бір топ эколог бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Мамандар жүргізген зерттеулерге сәйкес, атмосфералық ауаның ластануы мен халықтың түрлі сырқаттануы арасында тікелей байланыс анықталған. Сол себепті олар жаңа экологиялық идеология қажет деп санайды.