Ақмола облысында жыл басынан бері 202 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Экологиялық заң талаптарын бұзған 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, бір ғана Зеренді ауданында 12 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Рұқсатсыз полигондарға көбіне құрылыс қалдықтары төгілген. Өңірде қазір қоқыс төгетін 130 орын бар. Соның тек 24-і ғана заңдастырылған. Былтыр ғарыштық мониторинг арқылы 535 қоқыс үйіндісі анықталып, оның тек 70 пайызы ғана жойылған. Жауаптылар қоқыс алаңдарын жою жұмыстары өте баяу жүріп жатқанын жасырмайды.
Арыстанбек Тасқынбаев, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Биылғы таңда ғарыштық түсірілімдер әлі де жалғасуда. Сондықтан заңсыз қоқыс үйінділерінің саны артуы мүмкін. Бұл облыстағы 17 ауданның 10-ында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жоқтығынан болып отыр. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан осы заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар басталды. Бірақ тазалау жұмыстарының қарқыны өте баяу жүріп жатыр.