Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша 67 жоба мақұлданды. Оларға 346 млрд теңге қарастырылып отыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Былтыр мұндай 5 мыңға жуық полигон анықталса, соның 93% жойылған. Экологиялық талаптарды бұзған 87 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Ерболат Қожықов, ҚР ЭТРМ экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
- Оның ішінде 10 адамнан астамы аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары. Жалпы сомасы 12,4 млн теңге айыппұл бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, СҚО және Шымкент қаласында (полигондарды) жоюдың төмен көрсеткіштері байқалады.