Жезқазғандағы 22 мектепке экобокстар орнатылады

  • 52
  • 27.08.2025, 18:42

Жаңа оқу жылына дейін Жезқазғандағы 22 мектептің барлығына қоқысты сұрыптайтын арнайы жәшіктер орнатылады. Жоба «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған. Ел бойынша Астана мен Жезқазғанда басталған пилоттық жобаны «Жасыл даму» ұйымы жүзеге асырмақ. Олар оқушыларға сұрыпталған қоқысты одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату жолдарын түсіндіреді. Ынталандыру мақсатында ең көп қоқыс жинаған ұжымға бағалы сыйлықтар беріледі. 

Күлпаш Мұқашева, мектеп директоры:

-Бұл жиналған қалдықтарды көбіне жаңағы арнайы мекеме бар, соларға хабарласып, содан кейін ол кісілер өздері алып кетіп отырады. Қоқыстарды бөлек-бөлек тастауға дағдыланып, кейін қайтадан өңделіп, қайтадан жаңа өмір берілетінін оқушыларға түсіндіру. Бұл негізі үлкен бастама деп ойлаймын.