Павлодарда экологиялық кеңес өтті

  • 9
  • 22.09.2025, 19:54

Басты экологиялық мәселелердің бірі – сынап қалдығы сақталған Былқылдақ көлі. Ал ірі өндіріс орындары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты шараларды іске асырып жатыр. Ауаға таралатын зиянды қалдық көлемі 8% төмендеген. Кәсіпорындар автоматты бақылау жүйесін орнатты. Ондағы мәлімет жергілікті экология департаментіне және министрлікке тікелей жолданады. Алайда ең күрделі мәселе энергетика саласында қалыптасып отыр. Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, өңірдегі зиянды қалдықтардың басым бөлігі электр станцияларынан таралады. Бұл нысандардың көбі автоматты мониторинг жүйесіне көшпеген. 

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Мына энергетика саласында ол әлі кенже қалып тұр. Себебі олар өзінің тарифымызды көтеруіміз керек, қаржы салуымыз керек дейтін уәж айтып отыр, жалпы бұл тек қана Павлодар және Екібастұз қалаларына қатысты емес жалпы Республика бойынша сондай үлкен проблема бар. Кейбір өңірлер, кейбір жаңағы нысандар оны қолдаған кейбірі қалып жатыр. Осы мәселені барғаннан кейін көтеретін боламыз.