Астанада журналистердің экология тақырыбында жазған жұмыстары бағаланды

  • 12
  • 25.09.2025, 19:52

Конкурсқа елдің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық журналист қатысқан. БҰҰ даму бағдарламасының еліміздегі тұрақты өкілі, БАҚ-тың экология мәселелерін көтеруі ел үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ жиын барысында тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері жарияланды.

Катаржина Вавьерниа, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі:

-Журналистердің халықты қоршаған ортаға құрметпен қарауға үндеп, климаттық үдерістерді жеткізудегі еңбегі орасан. БАҚ-ның экологиялық бастамаларға үн қосуы қоғамның дамуы мен экономиканың өрге басуына әсер етеді. Қазақстан 2014 жылғы Париж келісіміне кірген болатын. Сол сәттен бастап өзіне белгілі бір міндеттемелерді алған еді. Соған ұлттық деңгейде салымдарды үнемі жаңартып отырады. Мұның өзі өте маңызды.