«АMANAT» партиясы елордада сенбілік ұйымдастырды

  • 16
  • 25.09.2025, 19:53

«АMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері мен партия жанындағы экологиялық кеңес белсенділері елордадағы №46 «Самал» санаторийлік балабақшасының аумағында сенбілік өткізді. Айтулы іс-шараға партия өкілдері мен мекеме қызметкерлерінен бөлек, қаланың белсенді тұрғындары да атсалысты. Аталған сенбілік ересектердің табиғат аясына шығып, тынығуына сеп болса, балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырары анық.

Елдос Абақанов, «АMANAT» партиясы астана қалалық филиалы экологиялық кеңесінің төрағасы:

-Таза Қазақстан бойынша айтқанда ол тек қана жасыл желектерді егіп, қоқыстарды тазалау ғана емес. Түпкі мақсаты әрине қоғам арасында экологиялық мәдениетті дамыту. Экологиялық акцияларды өткізгеннің қорытындысы бойынша сол жиналған жерлер қайта ластанбау үшін әртүрлі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау керек секілді. Өйткені қалдықтарды жинау бір бөлек, қалдықтарды жинағаннан кейін мүмкін қайта пайда болмауы үшін нақты инфраструктураны дамыту керек шығар.