«Таза бейсенбі»: Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы тазартылды

  • 10
  • 26.09.2025, 14:38

«AMANAT» партиясы аймақтық филиалының өкілдері ұйымдастырған іс-шараға «Жастар рухы» жастар қанаты мен коммуналдық сала мамандары жұмылдырылған. Экобелсенділердің мәліметінше, жыл басынан бері осындай 37 акция өтіп, ондаған тонна қоқыс жиналған. 

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Шымкент қаласы тұрғындарын тазалыққа шақырып жүрміз ғой. Өзімізде бастама көтеріп, осындай жерлерді тазалап жүрміз. Алдағы уақытта Шымкент жасыл қала ғана емес, тазалыққа шақырғанның нәтижесінде таза қалаға айналамыз деп есептеймін.