Қызылордада су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр

  • 8
  • 08.10.2025, 19:52

Қызылордада суармалы суды үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр. Су арналарына есептеу құрылғысын орнату, атыздарды лазерлік технологиямен тегістеу жұмыстары жалғасады. Бұл туралы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау» тақырыбында өткен кездесуде айтылды. Шара Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылды. Оған су саласының мамандары мен «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының студенттері қатысты. Кездесу барысында су қорларын тиімді пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. Биыл экологиялық акцияға өңірде 271 мыңнан астам ерікті қатысқан. Олар 11 мың тонна қоқыс шығарып, 240 мыңнан астам көшет еккен.

Елдос Қабылұлы, «Қазсушар» РМК филиалының бөлім басшысы:  

-Су шаруашылығы нысандарында каналдарды автоматтандыру мәселесі қолға алынып жатыр. Күріш саласы болғандықтан лазерлік тегістеу осы жылы 55 мың гектардан 60 мың гектарға жоспарланды. Су саласында білім алып жатқан студенттерге бұл үлкен тәжірибе болды.