Қызылордада ауа сапасы соңғы үлгідегі технология арқылы бақыланады

  • 11
  • 08.10.2025, 19:50

Қызылордада ауа сапасы соңғы үлгідегі технология арқылы бақыланады. «Автоматтандырылған жүйе арнайы мониторинг жасау үшін тиімді»,–дейді мамандар. Бұл туралы Қорқыт ата атындағы университетте өткен экологиялық сағатта айтылды. Шара барысында облыстық экология департаментінің мамандары студенттерге табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдарын сөз етті. Сонымен қатар «Эколайф» жастар клубының экологиялық мәдениетті дамыту жобасы таныстырылды.

Сәуле Кәрімова, облыстық экология департаментінің бас маманы:

-Қазіргі таңда ауаға қатысты автоматтандырылған мониторинг жүйесін жүргізіп жатырмыз. Бізде қазір бәрі ең бірінші цифрландыруға өтіп жатырмыз. Жас маманға оның өзі келешегіне үлес қосылады, біраз нәрсеге.