Павлодар облысы Ақтоғай ауылының тұрғындары да «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. «AMANAT» партиясының бастамасын медицина қызметкерлері қолдады. Дәрігерлер аурухана мен оның айналасындағы аумақтарды тазалаған. Қоқыстарды жинап, гүлзарларды абаттандырды. Республикалық акция еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық экочелленджге айналды. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Назерке Омарова, дәрігер:
-«Таза Қазақстан» акциясы жай ғана ұран емес, қоршаған ортаны болашақ ұрпаққа сақтап қалуға, таза Қазақстан, таза орта және таза табиғат денсаулықтың да кепілі деп білеміз. Біздің Ақтоғай аудандық аурханасында сенбілік әр апта сайын өтіп отырады.
«Таза бейсенбі» акциясы Түркістан қаласының Шауғар шағынауданында да жалғасты. Тазалық шарасына Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымы, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Жүзден астам белсенді теміржол магистралінің бойын шашылған күл-қоқыстан тазартты. «Іс-шараға қатысушылар шойын жол бойындағы тазалық – бұл біздің мәдениетіміздің, елге деген сый-құрметіміздің көрінісі»,- дейді.
Мақсат Танкеев, Түркістан локомотив пайдалану депосының бастығы:
-Біздің ұжымнан Түркістан депосынан бүгін 50-60 мадам қатысып отыр. Бүгін Таза Қазақстан акциясында бәріміз басқосып, тазалап, жинадық. Айналамызды, отырған орнымызды, Отанымызды тазалап жүрек, барлығымыз тек таза Қазақстанда жүреміз. Ары қарай өзіміз тазалық, сенбіліктерді ұйымдастырамыз. Сенбі күні де жалғасын табуда, депомыздың айналасына ағаш егейін деп жатырмыз.