Жезқазғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін еріктілер мен мектеп оқушылары «Наурыз» саябағы мен Алашахан даңғылы бойына 130-ға жуық терек пен қараағаш көшетін екті. Мамандар «ағаштың бұл түрлері Жезқазған топырағында жақсы өседі»» дейді. Көгалдандыру жұмыстары айдың соңына дейін жалғасады. Жалпы жыл басынан бері өңірдегі саябақтар мен көпшілік демалыс орындарына 14 мың ағаш егілді.
Сәкен Қайратұлы, Жастар ресурстық орталығының директоры:
-Биылғы жылы біздің Алашахан даңғылы жаңғыртылды, жаңартылды. Соның бойына алдыңғы аптадан бастап көшеттерді отырғызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше жобаны жүзеге асырамыз. Ол суару болсын, ол сенбілік болсын, түрлі акциялар болсын. Бұл эко мәдениетке баулу.