Осылайша олар саябақ аумағын көгалдандырып, бір бұрышын жас көшетпен көмкерді. «Болашақта бұл жер жанға жайлы саялы орын болады», - дейді ұйымдастырушылар. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында орман қорын ұлғайтудың кешенді жоспары қабылданған. Ол бойынша биыл өңірде 24 млн түп қайың мен қарағай егілді
Тимур Звереченко, Манаш Қозыбаев атындағы университеттің доценті:
- Жас көшеттерді қар жауып, жер қатқанша егіп тастау керек. Өйткені талдар дәл осы кезеңде тез жерсініп кетеді. Оның үстіне саябақ сулы жер. Менің ойымша, бүгінгі акцияның маңызы өте зор. Ертең бұл ағаштар өсіп, қоршаған ортаға сән беріп тұрады.