Республика күні қарсаңында ақтөбелік студенттер кезекті сенбілікке шықты. Қалалық жастар ресурстық орталығы 30-шы мәрте экологиялық акция ұйымдастырып отыр. Бұл жолы экобелсенділер облыс орталығындағы Ретро саябағын тазалады. Жалпы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан өткен сенбіліктерге 4 мыңға жуық студент қатысқан. 6 мың қап қоқыс жиналды. Жастар елді мекендерден бөлек, өзен-көлдердің жағасы мен демалыс орындарына айналған тоғайларды тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Әлішер Садық, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:
-Бұл енді Ретропарк вокзал маңында орналасқан. Сырттан қонақтарымыз келеді, демалып отырады. Сол себептен таза болғаны жақсы деп ойлаймыз. Өзіміздің қаламыз үшін де, келген қонақтар үшін де қолайлы. «Таза Қазақстан» тек қана дала мен қаланың тазалығы ғана емес, бұл үлкен бір идеологиялық бастама. Жастарымыздың бойының, ойының, рухының тазалығы деп қабылдауымыз қажет.