«Таза Қазақстан»: Атырауда эковолонтёрлер бас қосты

  • 30
  • 28.10.2025, 19:50

«Экомәдениет – жарқын болашақтың кепілі» атты кездесуде «Green Step School» жобасының арт-көрмесі, шеберлік сағаты  ұйымдастырылды. «Мұндай кездесулер қоршаған ортаны қорғаудағы қоғамдық белсенділікті арттырып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады», - дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ әр аудағы белсенді жастар экологиялық жобасын әзірлеп, қаржылық қолдауға ие болды.  

Мәнсия Сағидоллаева, жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Жалпы біздің негізгі мақсатымыз – бастамашыл жастарды әлеуметтік бағытта, кәсіптік бағытта және осындай волонтерлік бағыттағы жобалардың жүзеге асыру. Бұған 1 млн және 500 мың теңге көлемінде гранттар беріліп отырады.