«Таза бейсенбі» акциясы Түркістан облысының Сайрам ауданында жалғасты

  • 12
  • 30.10.2025, 19:49

«Таза бейсенбі» акциясы Түркістан облысының Сайрам ауданында жалғасты. Табиғат жанашырлары Шапырашты елді мекеніндегі Ақтан ата және Көктан ата бұлақтарының басында тазалық жұмыстарын жүргізді. Туған жерді аялау, табиғатына қамқор болу бастамасы аясында ұйымдастырылыған шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындар мен жастар қатысты. Белсенділер таза су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Жергілікті коммуналдық мекемесі арнайы техникамен қамтамасыз етіп, осы аумақтың көркі саналатын Қарасу өзенінің бойын ретке келтірілді. 

Қабылбек Тұрысов, Шапырашты ауылының тұрғыны

-Халықтың демалыстын жерін тазалап жатыр. Барлық жерде осындай тазалықты қолға алайық. «Таза Қазақстанды» ары қарай дамыта берейік. Таза жерде адамның денсаулығы жақсы болады. таза жүрсең ауру-сырқу жоқ болады. 

Мадияр Оразалиев, Сайрам ауданының әкімі: 

-Демалыған дұрыс, келіп көңіл көтерген дұрыс табиғат аясында. Бірақ арттарынан күл-қоқыстарын жинап, табиғатты сыйлған дұрыс. Себебі табиғатты сыйлау, қадірлеу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Бізде әр сенбілік сайын көше тазалау, құраған ағаштарды кесу, сырлау, әктеу жүреді. 15 қарашадан бастап тал егу жұмыстары басталады.