Таразда экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған жиын өтті

  • 9
  • 29.10.2025, 19:52

Таразда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жиын өтті. Басқосуға 100-ден астам студент қатысты. Жиында қоршаған ортаны қорғау мәселелері сөз болды. Жалпы Жамбыл облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» акциясына 100 мыңнан астам адам қатысқан. Олар тарихи-мәдени орындар мен қала ауыл аумағын күл-қоқыстан тазартты. Ағаш егіп, тазалық рейдтерін өткізді. 

Айбек Қадыралиев, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры:

- «Тазалық өз аулаңнан басталады», «Тазалықты өзімізден бастайық» атты жастардың тарапынан биылға үлкен жобалар кең көлемде аталып өтті және оған барлық Жамбыл жастары өздерінің үлестерін қосты. Сондай-ақ маусымдық жұмыстармен де осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыспен жастар қамтылды. Әрбір жастардың санасына осы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де түсіндіру – біздің қазіргі таңдағы үлкен міндеттеріміздің бірі.