Талдықорғандық студенттер экологиялық білімін жетілдірді

  • 12
  • 30.10.2025, 19:53

Талдықорғандық студенттер зияткерлік ойын арқылы экологиялық білімін жетілдірді. Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ECO QUIZ сайысына 40 білімгер қатысты. Олар төрт топқа бөлініп, «Табиғатты қорғау», «Климаттағы өзгеріс» және «Жасыл даму» тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін сынады. Сонымен қатар логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.  

Нұрай Алтайқызы, студент: 

-Көптеген білімізді толықтыратын сұрақтарды біле алдық. Мысалы, қандай ғалымдар қандай ұғымдарды ашқан деген сияқты және көптеген пайдалы ақпараттарды ала алдық. 

Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары

-«Таза Қазақстан» деген сенбілікпен шектелмейтін дүние. Ол жастардың санасын экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған идиология. Сол себепті біз оны сенбілік деп түсінбей олардың экологиялық мәдениетін артыруға көңіл бөліп жатырмыз.