Түпқараған ауданында жағажайды зерттеген мамандар «иммунитеті әлсіз итбалықтар шамамен 1 ай бұрын теңізде өлген, өлекселер күшті дауылдан кейін жағалауға шығып қалуы ықтимал», - дейді.
Еске сала кетсек, 3 қарашада Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылды. Балық инспекторлары оларды жинастырып, арнайы полигонда жойды. Теңіз жағалауын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.
Қонарбай Базарбаев, облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы:
- Бүгін жел. Ауа райы әлі қолайсыздау болып тұр. Ертең тағы да мониторингке шығамыз. Мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрады. Мүмкін 112 дана деген көбеюі мүмкін. Қазіргі таңда анықталған 112 итбалық өлексесі жергілікті атқарушы органмен полигонға апарылып, жойылды. Қазір жағалау толықтай тазартылды.