Мақсат – экологиялық акцияны қолдау және балаларды ерте жастан қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, қоқысты сұрыптау тақырыбында түрлі тапсырмаларды орындады. Жалпы өңірде «Таза Қазақстан» акциясы көктемнен бері үзбей жалғасып келеді. Бүгінге дейін кең көлемде 30-ға жуық сенбілік өтті. Жауапты мамандар: «Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты түсіндіру жұмыстарына басымдық беріп отырмыз», - дейді. Тәрбие сағаттарынан бөлек алдағы күндері оқу орындары мен кітапханаларда түрлі дәрістер мен челлендждер ұйымдастырылады.
Ақжарқын Тәкішова, бастауыш сынып мұғалімі:
- Мақсатымыз – балаларды жалқаулықтан арылту, бірге жұмыс жасау, мейірімділікке үйрету, табиғатымызды қорғау. Барлығын біріктіре отырып, аптаның бір күнінде арнайы тәрибе сағаты өтіп отырады. Соның ішінде 10 минуттық жазбаша да, түсіндірме де, тіпті өздерімен сыртқа шығып та аймақты тазалауға, өздерінің үлестерін қосуға әрекет жасаймыз.