Бұл республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық байқауының нәтижесі. Аталған байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталды. Байқау шартына сәйкес, олар EcoQolday қосымшасын жүктеп алып, пластик, шыны немесе қағазды, яғни қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, өткізген. Жеңімпаздардың ең жасы 10 келі қалдық өткізсе, «ЭКО-бизнес» аталымында кәсіпкерлер 50 тонна қалдық өткізіп, ақшалай сыйақыға ие болды. Ал Нәбиев Дулат қалдықтарды тек жинап қана қоймай, оны әлеуметтік желіде насихаттағаны үшін жеңімпаз атанды. Жиналған қалдықтар зауыттарға жіберілетін болды.
Нұржан Дүйсебай, «Жасыл даму» АҚ баспасөз хатшысы:
- Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізіліп жатыр. Бұл шара бітті. Енді екінші іс-шара студенттерге арналады. Олар енді қоқыс жинау емес, қоқысты қалай сұрыптау үшін қандай идеялар жоба бойынша. Ең күшті жоба болса, бірінші орынға 1700 000 теңге береді. Бұл да бір жастарды үйрету, дұрыс сұрыптау бойынша қызығушылық таныту.