Мамандар Алматыда бас қосып, дайындық барысын пысықтады. «Жасыл импульс» атты кездесуге бизнес, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты. Сарапшылар қаржы ұйымдарының жасыл экономиканы дамыту, көміртекті трансформация, қалдықтарды өңдеу секілді жобаларды жүзеге асырудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ гринвошинг компаниялармен күресу мәселесі де қарастырылды. Бұл өз тауарларын экологиялық талапқа сай деп жалған мәлімет беретін компаниялар. Кездесуге келушілер жиын соңында Астанада өтетін аймақтық экологиялық саммитке ұсыныстарын дайындайды.
Ерлік Қаражан, Орталық Азия климаттық қорының директоры:
-Астанада өтетін саммитте климаттың өзгеруі, экологиялық жауапкершілік қарастырылады. Күн тәртібіне қойылған сұрақтар түгел шешімін табады деп үміттенемін. Қазір мұқият зерттеп жатырмыз. Барлық бастамалар мен ұсыныстарды жан-жақты талдау маңызды.