Петропавлда «Таза қала – таза жүрек» қайырымдылық шарасы басталды

  • 8
  • 08.12.2025, 18:41

 Жастар ресурстық орталығы жалғыз тұратын 30 зейнеткерді қамқорлыққа алып, оларға қыс бойы көмек көрсетеді. Бұл жолы олар осындай үйлердің біріне келіп, қариялардың отын – көмірін кіргізіп, ауладағы қарды тазалап берді. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 30 мыңға жуық адам қатысты. Өңірде апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, қоғамдық орындар абаттандырылды.

Айсұлу Бекімова, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» нұсқаушысы: 

- Бұл үйде мүгедектігі бар адамдар тұрады. Сондықтан біз оларды қамқорлыққа алып, әрдайым көмектесіп тұрамыз. Дәстүрге айналған игі бастама жастардың тәрбиесіне оң әсер етеді. Кейінгі буынның жанашырлығын көрген қариялар да марқайып қалады.