Олар «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған 40-қа жуық экологиялық акцияға қатысқан. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі челлендждер ұйымдастырды. Белсенді жастар апта сайын үрдіске айналған шараны келер жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.
Сәкен Қайратұлы, жастар ресурстық орталығының директоры:
- Қыс мезгілінде «Таза Қазақстан» акциясы тоқтап қалмайды. Қар күреу жұмыстары. Бірақ енді біз қала аумағында емес, мүмкіндігі шектеулі және де қамқорлықсыз қалған ардагерлеріміздің, аналарымыздың үйіне барып қар күреу акциясын өткізетін боламыз.