Экологиялық сана – дамыған ел көрінісі

  • 2250
  • 29.01.2026, 21:44

Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында және Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында «Таза Қазақстан» бастамасының қоғамға берер тағылымы зор екенін айтты. Бұл акция азаматтарды үнемшілдікке тәрбиелеп, даңғазалықтан арылуға және ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейді. Ал аталған бастама бойынша бүгінге дейін қандай нақты нәтиже бар? Жалпыұлттық акцияға халықтың көзқарасы қандай?

«Таза Қазақстан» – табиғаттан бастау алатын тұтас сана, ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігі. Президент Қызылордада өткен құрылтайда бұл бастама тек көшелер мен аулаларды таза ұстаумен шектелмейтінін, ол  күнделікті жүйелі еңбек пен ішкі жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті. Сарапшы Наргизам Махмудованың пікірінше, «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысу – жауапкершілікке негізделген жасампаз отаншылдықтың нақты үлгісі.

Наргизам Махмудова, ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:

-Табиғатымыз бар. Табиғатымызды аялау арқылы біз мынау құрылтай кезінде құрылған «Таза Қазақстан» жобасының Қазақстан теориясында жұмысын атқарып келе жатыр. Бұл жерде де бір нәрсені түсінуіміз керек деп айтты Президентіміз. Еліміздің таза болуына, жеріміздің таза болуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Былтыр Республика көлемінде мың екі жүзден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 3 миллион 800 мың түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар бір миллион гектардан аса аумақ тазартылып, сегіз жүз мың тоннаға жуық қоқыс жиналған. Экологиялық акцияларға 6,5 миллиондай қазақстандық қатысқан.

Елорда мен Ұлытау өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» бастамасын экологиялық мәдениетті қалыптастыратын кең ауқымды қозғалыс ретінде бағалайды.

Қоқысты ақшаға қалай айналдырамыз?

Енді елорда тұрғындары қоқысты қайта өңдеуге өткізу арқылы табыс таба алады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында он тұрғын үй кешенінде «Таза үй – таза ел» пилоттық жобасы іске қосылды. Қатысушылар қағаз бен пластик қалдықтарды бөлек жинайды. Сұрыпталған қоқыс қайта өңдеу компанияларына жіберіліп, одан түскен қаражат тұрғын үйлердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады.

Гүлзира Өмірқұл, қала тұрғыны: 

-Көп тұрғындар қораптарды, картон, пластиктерді ішіне лақтырып жатады. Ешқандай оны кеспестен, қимастан. Соның нәтижесінен біздің молоктар түс қайта, кешке дейін толып қалады. «Таза жер» оны алып үлгермейді. Күніне бізге бір рет келеді. Ал егер бізге осындай контейнерлер, жағдайлар жасалса, бізде тұрғындарға соны түсіндіріп, сұрыптауды үйретеміз. Сараптаудың нәтижесінде алып кеткен қоқыстан 35-70 теңге аралығында ақшалай төленеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жауапкершілікті күшейтуге арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар.

Диана Қадыр, Самат Сүлейманов