Алматыда жасыл желектердің құжаты жаңартылады

  • 1855
  • 05.02.2026, 21:47

Алматының жасыл желектерін санап, құжатын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 5 аудандағы 3 миллионға жуық ағаш тізімге алынып, санитарлық сипаттамасы жасалады. Бірінші кезекте арнайы дрон арқылы көше бойындағы, сондай-ақ саябақтардағы жасыл желек қашықтан зондталады. Олардың түрі, жасы және шіру деңгейі электронды паспортқа жазылады. Ол үшін 80-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Былтыр 3 аудандағы 1,5 миллион ағаштың құжаты жаңартылған. Алматының жасыл желегін түгендеу жұмысы әр 5 жыл сайын жүргізіледі.   

Дәулет Бақытжанов, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:

- Бұл жобаның аясында жасыл желектерді күтіп-ұстау бойынша кеңестер берілетін болады. Жасыл желектермен қандай жұмыстар жүргізу керек екендігі, апатты, қауіпті ағаштарды анықтау бойынша жұмыстар. Оларды қалай кесу керек екендігі немесе ауыратын ағаштар болатын болса, ол емдік шаралары бойынша санитарлық және қырқу жұмыстары бойынша әрбір жеке ағашқа жеке мағлұмат берілетін болады.