Түркібасы Әулие аумағы тазартылды

  • 1629
  • 05.02.2026, 21:50

Осы Түркістан облысының Түркібас ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы  ұйымдастырылды. Тазалық шарасына AMANAT партиясының өкілдері мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты. Табиғат жанашырлары Түркібасы әулие аумағын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияға қатысушылар қасиетті орынға деген құрмет тазалықтан басталуы керек деген азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ержан Жүнісов, AMANAT партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы:

-Оңтүстікке көктем ерте келеді. Соның ішінде біздің Түлкібас ауданында да міне көктем өз реңін білдіріп жатыр. Қардың барлығы еріп, жан-жағымыздың барлығы ашылып жатыр. Сол өңірлерімізді тазалыққа шақырайық деген оймен мына «Таза бейсенбі» акциясы аясында жергілікті халықтың жүретін жерлері, ауданымызға келіп жатқан қонақтардың көп жүретін жерлеріне көңіл бөліп жатырмыз.