Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенін реттейтін «Сергеев» су қоймасы толып тұр. Соңғы мәлімет бойынша бөгенде 670 млн текше метр су бар. Бұл жалпы сыйымдылықтың 97 пайызын құрайды. Қазір осыған байланысты жоспарлы су ағызу жұмысы атқарылып жатыр.
Синоптиктердің айтуынша, биыл гидротехникалық нысан 2 млрд текше метр су қабылдауы мүмкін. Көктемгі тасқынға қарсы су қоймасының жағалауы нығайтылды. Бүгінгі таңда өндірістік аумақта апаттық бригадалар құрылып, арнайы техникалар жасақталды.
Ержан Күсімбаев «Қазсушар» РММ СҚОФ директоры:
- «Сергеев» су қоймасының оң жағалауына 4 мың текше метр шойтаспен нығайтылды. Ал сол жағалауында су өткізу каналы кеңейтілді. Бұл жұмыстарға 186 млн теңге бөлінді.