Синоптиктер болжамын да айта кетейік. Алдағы мерекелік демалыс күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз, құбылмалы болады. Күн қайта суытады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерге арктикалық суық ауа ағыны келеді. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде сынап бағанасы 5-15 градусқа төмендейді. Оңтүстік аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.