Бірқатар өңірде аяз күшейеді

  • 10
  • 09.03.2026, 21:33

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде аяз күшейеді. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа температурасы 30 градусқа дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында да күн күрт суытады. Сынап бағанасы 20 градусқа дейін төмендейді. Ал Жамбыл облысында жел күшейіп, өңірді тұман тұмшалайды. Астанада да күн ала бұлтты, қар жауып, боран соғады және көктайғақ болады.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

-Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Ал еліміздің оңтүстігі мен шығысында, керісінше, ауа температурасы одан әрі жоғарылап, көктемнің жылы лебі сезіледі. 11 наурыздан бастап ауа температурасының төмендеуі елдің орталығы мен шығысында да күтіледі.