Атырау облысында биыл 29 мың тал егіледі

  • 8
  • 19.03.2026, 21:47

Көгалдандыру жұмыстарының алғашқысы Жаңару күніне орай басталды. 200-ге жуық адам өңірде 5 мыңға тарта тал екті. Облыс орталығындағы «Жастар» саябағына 200 қылқанжапырақты ағаш егілді. «Тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, демалыс аймақтарын көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады», - дейді ұйымдастырушылар.

Эльмира Сыдықова, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- 29 мың дана ағаш отырғызу жоспарланды. Жалпы маусымдық кезең бізде сәуір айында басталады. Бүгін тек Жаңару күніне бастапқы шараларымыз жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 200-ге тарта адам қатысты. Жастар, еріктілер, тұрғындар және мемлекеттік орган, мекемелер.