Кентауда «Бір қап қоқыс – бір балмұздақ» акциясы өтті

  • 11
  • 31.03.2026, 21:55

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Бір қап қоқыс - бір балмұздақ» акциясы ұйымдастырылды. Оған шаһардағы Абай көшесінің тұрғындары белсенді қатысты. Әсіресе, елуге жуық бала ауланы тазалауға көмектесіп, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Әрбір жиналған қоқыс үшін балаларға балмұздақ пен түрлі ойыншықтар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше форматтағы акция басқа аудандарда да жалғасын табады.

Ислам Айболат, қала тұрғыны:

-Бүгін біз өзіміздің ауланы жарысып жүріп балалармен бірге жинадық. Бізге қатты ұнады. Бізге сыйлықтар берді, доп берді, балмұздақ берді. Қызық болды. Бүкіл Кентаулықтарды тазалыққа шақырамыз.

Сұлтан Азат, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы:

-Жалпы бұл плогинг дегеніміз - жүгіріп жүріп қоқыс жинау. Бірінші кезекте спорт, екінші кезекте тазалық. Бұл «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Балаларға тәрбие, балаларға балмұздақ беріп қызықтыру. Тазалықты өздерінің сақтауы. Келер ұрпаққа үлгі болатын дүние жасау.