Жезқазған оқушылары бірнеше тонна қоқысты қайта өңдеуге жіберді

  • 53
  • 03.04.2026, 21:39

Қоқыс та кәдеге жарайды. Ол үшін оны сұрыптап, қайта өңдеу қажет. Мәселен, жезқазғандық оқушылар жыл басынан бері бірнеше тонна қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге жіберді. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қаладағы барлық мектепке қалдықтарды бөлек жинайтын жәшіктер орнатылған болатын. Бір жылда тек Астана мен Жезқазғанда жүзеге асқан пилоттық жоба енді республиканың өзге де өңірлерінде жалғасады.   

Серікбол Қалиакпаров, жобаны үйлестіруші:

-Тиімділігін көрсетті, орын алған Жезқазғанның үш мектебі  бір тоннадан артық қалдықтарды жинап шығарды. Бұл тек қана үш мектептің арқасында. Егер барлығы атсалысып жүргізетін болса қала тазарады деп ойлаймыз, мектептердің іші де таза болады.