Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді

  • 11
  • 06.04.2026, 21:57

Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендейді. «Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын, қар күтіледі. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте бұршақ, нөсер жаңбыр жауып, дауыл болады.  

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3-15 градусқа дейін төмендейді