Елордада V Халықаралық экология конгрессі өтті

  • 7
  • 10.04.2026, 21:46

Ауқымды жиын Орталық Азия мен Еуропаның «жасыл» партиялары, сарапшылар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Ауғанстан, Литва, Ресей, Моңғолия, Швеция және Финляндия елдерінің мамандары климат мәселесіне қатысты өз ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді. Осы орайда Президент ұсынған «Экологиялық жауапкершілік және цифрлық шындық» бастамасының заңды жалғасы ретінде «Жасыл күн тәртібі 2.0» тұжырымдамасы көпшілікке таныстырылды. Басқосуда экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері де талқыланды. Сондай-ақ «Жасыл қор» құру, халықаралық эколог-ғалымдар кеңесін жасақтау бастамалары көтерілді. Конгресс аясында «ARAL» саммитіне төрағалық ету Қырғызстанның «жасылдар» партиясына табысталды.