Каспий теңізін қорғауға 12 млн доллар жұмсалады

  • 11
  • 15.04.2026, 21:38

Соңғы жылдары Каспий теңізінің күрт тартылуы әлемді алаңдатып отыр. Өзекті мәселенің себеп-салдарын кешенді түрде зерделеу мақсатында дүниежүзілік экологиялық қор 12 млн доллар көлемінде грант бөлді. «Каспийді көгалдандыру» деп аталатын игі бастаманы Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан елдері бірлесе жүзеге асырады. Жоба теңіздің ластануының алдын алып, оның биоәлемін сақтап қалуды көздейді. Бөлінген қаражат су айдынының қазіргі деңгейіне сараптама жүргізуге, сондай-ақ Каспий итбалығы секілді жоғалудың алдында тұрған теңіз жануарлары мен балықтарын зерттеуге жұмсалады. 

Серік Ахметов, «Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Халықаралық жобаны екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші - өңірлік кезеңі, оған Каспий маңындағы 5 мемлекет түгел атсалысып, шамамен 3,7 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Екінші кезеңіне Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан елдері грант есебінен 8 млн доллар бағыттау бойынша өзара келісімге келді.