Маңғыстаулық оқушылар Батыр ауылындағы саябаққа жүздеген жеміс ағашын екті. Енді олар алма, алмұрт, алхоры, өрік өскіндері өсіп-жетілгенге дейін күтіп-баптайды. Дәл осындай акция Бейнеу ауылында да өтті. «Түлектердің ағаш егу» бастамасы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Осы аралықта оған екі жарым мыңдай оқушы қатысады деп жоспарланған.
Мира Бейсенбек, оқушы:
-Экологиялық мәдениет қазіргі таңда өте өзекті болып табылады. Жай ғана ағаш отырғызумен шектелмей, сонымен қатар елдің түп санасынан бастау керек деп білемін. Маңғыстаудың түрлі жерлеріне барып, сенбіліктер жасаймыз. Зерттеулер жүргіземіз және оны өзіміздің әлеуметтік желілерімізге салып отырамыз. Мұның барлығы елдің көркеюіне, экологиялық аймақты дұрыс ұстауымызға көмегі тиеді деп ойлаймыз.