Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясына мектеп түлектері қатысты

  • 6
  • 29.04.2026, 21:47

Ақтөбе облысында бүгін 2335 түп ағаш егілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына мектеп түлектері қатысты. Білім ордаларына 9-шы және 11 сыныпты тәмәмдағалы тұрған оқушылар өздерінің атаулы ағашын сыйға тартқан. Мәселен, облыс орталығындағы нөмірі 12 орта мектептің балалары 50 түп көк терек пен арша ағаштарын екті. Жас көшеттерді кейінгі сынып оқушылары баптап өсіреді. 

Маржан Меңдіқұл, оқушы:

-Президентіміз бастаған осы «Таза Қазақстан» жобасына мектебімізбен, сыныбымызбен қатысып жатырмыз. Қатысудағы мақсатымыз осы жылы мектебімізді көптеген оқушылар, сыныптастарымыз мектеп бітіреді, біреуі колледжге түседі. Сол себепті келер жылы келгенде немесе басқа уақытта мектеп ауласынан көргенде естелік болып қалу мақсатында ағаштарды егіп жатырмыз.