Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жаңа серпінмен жалғасуда. Экологиялық мәдениетті ту еткен 185 «Келешек» мектебінің 2 мыңға жуық оқушысы сенбілікке шықты. Жас өрендер мектеп аумағын ғана емес, іргесіндегі қоғамдық жерлерді қоқыстан тазартып, ағаш егуге кірісті. Бұл табиғатты аялаудың нақты үлгісі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Айта кеткен жөн, биыл елде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5 миллионнан астам көшет егілді.
Дулат Аманжолов, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының директоры:
- «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – табиғатты аялау, қалалар мен аулалардың тазалығын сақтау және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру. Осы бағытта «Келешек» мектептерінің оқушылары белсенділік танытып, бұл бастамаға қолдау білдірді.